19 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №50

228 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 23 қаңтар,  Астана қаласы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев): 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарға және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында осы бұйрықтың орналастырылуын; 4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК. КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. МҰХАМЕДИҰЛЫ 2015 жылғы 3 ақпан КЕЛІСІЛДІ»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. ДОСАЕВ 2015 жылғы 30 қаңтар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы №50 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі Р/с № Біліктілік талаптары Қызметті жүзеге асыру үшін ұсынылатын құжаттар Ескертпе 2 3 4 1 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар (қосымшаға сәйкес) 2 Жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, оның ішінде қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес дайындалған мемлекеттік рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесін сақтауды қамтамасыз ететін түстер атласының) болуы Технологиялық жабдықты, өлшеу және бақылау құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) 3 Пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдығын тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы Сертификатты берген ұйымның атауы, сертификаттың атауы, нөмірі мен күні туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны 1. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар: стандарттың атауы______________________________________________ стандарттың нөмірі______________________________________________ 2. Өндірістік техникалық база: технологиялық жабдықтың атауы_________________________________ өлшеу және бақылау құралдарының атауы__________________________ түстер атласының болуы (атауы)__________________________________ 3. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар: салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың нөмірі ____________________________________________ салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың берілген күні _______________________________________ сертификатты берген органның атауы________________________________ сертификаттың қолданыс мерзімі____________________________________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10381 болып енгізілді.